$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 10:11
Жаңалықтар

Алматыда экс-шенеунік 7 жылға сотталды

Әсел Бисенбаева сотқа апелляциялық шағым түсіретінін айтты

Алматыда экс-шенеунік 7 жылға сотталды
Әсел Бисенбаева, фото: informburo.kz

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экс-орынбасары Әсел Бисенбаева 7 жылға сотталды. Оған медиктерге бетперде сатып алу кезінде мемлекет мүлкін ұрлады деген айып тағылған еді. Сәуірде басталған іске кеше Бостандық аудандық соты нүкте қойды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Сот шешімі бойынша Әсел Бейсенбаева мемлекеттік сатып алу кезінде 4 млн дана масканы 230 млн теңгеге заңбұзушылық жолмен алған. Бұл істе одан бөлек 5 адам тергелді. Барлығы 7 және 7,5 жыл көлемінде жаза арқалады. Бірақ, Бисенбаева кінәсін мойындамады. Айтуынша, оның электронды цифрлық қолтаңбасын басқалар пайдаланған. Онлайн қол кою кезінде әкімдікте жиналыста болғаны дәлелденсе де, ол есепке алынбағанын айтады. Тіптен, сол кездегі тікелей басшысы Камалжан Надыров оның кетуін талап етіп, артына шам алып түскенін алға тартты.

«Надыров өзінің электрондық қолтаңбасын мемлекеттік сатып алу порталында қол қоюға бермей қойған. Ал, маған шұғыл жұмысты бітіру керек деп келген әріптесім бәрі заң жүзінде, кепіл боламын деген соң сендім. Ол кезде медицина қызметкерлерін ас-сумен қамту керек болатын. Кейін прокуратура алған бетперделердің талапқа сай келмейтіні анықталды. Мені заңсыз соттады. Ел президентінен құқығымды қорғауын сұраймын! Қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіреміз!», - деді Әсел Бейсенбаева.

Серіктес жаңалықтары