$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 16:35
Жаңалықтар

Қарағандыда мемлекет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады

Қарағандыда мемлекет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2018-2020 жылдары Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлерінің бірі өңірдің 68 шаруа және фермер қожалықтарының атынан күн сәулелік панельдерінің (батареяларының) жиынтығын сатып алуды инвестициялық субсидиялауға өтінім берген.

«Бұл ретте, кәсіпкер шаруа қожалықтарына күн сәулелік батареяларының әрбір жиынтығы үшін 3,1 миллион теңге артық құнмен сату туралы жалған шарттар жасасқан. Бұл алынған субсидиялау сомасын жасанды түрде арттыру үшін жасалған. Жеке кәсіпкер негізсіз алған субсидиялардың жалпы сомасы 253 миллион теңгеден асады», - делінген хабарламада.

Қазір бекітілген айыптау актісімен қылмыстық іс сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары