$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 21:23
Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды

Ералы Тоғжанов биоқауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Коронавирусқа қарсы отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың басшылары мен еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Кеңесте еліміздің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды.

«Сондай-ақ, "Назарбаев Университеті" ДББҰ, "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ, "Фитохимия" холдингі, "Д. В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты" АҚ, "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС және т.б. орталықтар жүргізіп жатқан COVID-19-ға қарсы отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды», - делінген ВАК мәліметінде.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов келесідей бірқатар тапсырма берді:

- эпидемиологиялық сын-тегеуріндерге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің тиімділігін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру;

- ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды іске асыру жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу;

- эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және инфекциялық ауруларға қарсы дәрілік препараттардың жаңа түрлерін әзірлеуге бағытталған ғылыми және инновациялық жобаларды нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;

- биологиялық қауіпсіздік саласындағы отандық ғылыми институттардың ғылыми-кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетін дамыту жөніндегі нақты ұсыныстарды талдау және енгізу.

Серіктес жаңалықтары