Байзақтағы жарылыс: Тараз ауруханасында жатқан аға прокурордың төсегі есіктен жасалған

Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыстан 15 адам қаза тапты

Байзақтағы жарылыс: Тараз ауруханасында жатқан аға прокурордың төсегі есіктен жасалған
фото: time.kz

Жақында БАҚ-та Тараз қалалық ауруханасында жатқан әскерилер және прокурорлардың пікірлері жарияланды. Олар Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар жантүршігерлік жағдайдың қалай болғанын және өз міндеттерін қалай орындағаны туралы баяндады.

Жарылыс кезінде 15 адам қаза тапты, тағы біреуіне әлі әлі де іздестіріліп жатыр. Қаза тапқандардың ішінде тоғыз өрт сөндіруші, үш әскери қызметкер, бір әскерилендірілген күзет қызметкері және әскери прокурор Арман Қапезов бар. Белгілі болғандай, Қапезов оқиға орнына екі кезекші көмекшісімен келген. Жарылыс толқынынан біреуінің омыртқасы сынған. Алайда, ол аман қалу үшін ауыр жарақатына қарамастан бір шақырымнан жерге жаяу барған.

«Иығыма бір адамды салып алдым. Содан кейін қоршаудан өттім, қасымдағы кісіні сүйреп шығардым. Сосын төрт метрлік траншеяға құладық. Барлығы ақырындап жолға шықты, бізге бір көлік иесі тоқтады. Бірақ көлік іші адамға толы болды. Сол көлікке әлгі кісіні отырғызып жібердім. Ешбір машина тоқтамады, адамдар үрейленіп қалған. Соңында бір әскери «Нива» көлігі тоқтады, мен соған отырдым. Ары қарай есімде ештеңе жоқ», - деді оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының аға прокуроры Нұрбек Көшеков.

БАҚ өкілдері түсірген кадрлардан аға прокурордың науқастарға арналған арнайы төсекте емес, есіктен құрастырылған төсекте жатқаны айқын көрінеді.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.