27.08.2021, 11:19
Жаңалықтар
Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 26 тамыздағы қаулысы бойынша Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілді, ал өзге өңірлерде шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
- демалыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.
- Алматы қаласын қоспағанда 30 тамыздан бастап:
- «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
Құжатта Алматы қаласында да шектеу шараларын жеңілдету үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керек делінген.
«Қоңыр қызыл» аймақтың өңірлері бойынша шектеулер қаулының толық нұсқасында көрсетілген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы