$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2021, 22:35
Жаңалықтар

Ashyq мектепте оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті – ДСМ

Ата-аналар мектептің есігіне дейін апарады, одан ары балалар өздері барады

Ashyq мектепте оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті – ДСМ

1 қыркүйектен бастап «Ashyq» қосымшасы мектептерге де енгізіледі. Онда ата-аналар не істеуі керек? Баланы өз логинімен кіргізе ме? Өйткені, қосымшада балалардың есептік жазбалары жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің спикерлеріне осындай  сұрақ қойылды.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ата-аналар мен балалар үшін ешқандай мәселе туындамайды.

«Мектепте «Ashyq» оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Біз үшін  науқаспен байланыста болған немесе ПТР-тест нәтижесі оң мұғалімдер мен қызметкерлерді мектептерге жібермеу маңызды. Ата-аналар кіреберіске апарады, одан ары балалар өздері барады. Ата-аналар мектепке жіберілмейді. Бұл ереже өткен жылдан бері қолданылып келеді. Ал егер мектепке шақыртса, онда қосымша арқылы кіреді», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары