$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 03:24
Жаңалықтар

Түркістан облысында мектептер толықтай «Ашық» жүйесіне қосылды

Балалар қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыстағы 400 мектепке толығымен бейнебақылау орнатылған

 

Түркістан облысында мектептер  толықтай «Ашық» жүйесіне қосылды

Түркістан облысындағы мектептердің 100 пайызы «Ашық» қосымшасымен жұмыс істейді. Осылай деген облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов білім ұялары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматқа, яғни офлайн дәріске көшетіні туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда, күнгей өңірдегі интернеттің әлсіздігі ашық жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін екенін жасырмады. Ал мұндай жағдайда мектепке вакцина паспортын көрсету арқылы кіруге болады дейді.

«Түркістан облысында 56 пайыз интернетпен қамтамасыз етілмеген, әлсіз. Ондай жерлерде дәстүрлі түрде вакцинациясымен паспортты қарап, санитарлық нормаға сәйкес кіргізе береміз. Негізі, былтыр да біз 180 мектепті дәстүрлі түрде оқытқанбыз. Сол күйінде солай оқыта береміз», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Қазіргі таңда облыс бойынша 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Әрі биыл өңірдегі 2 апатты және бір үш ауысымды білім ұяларының мәселесі шешімін табады. Қалған 7 апатты және үш ауысымды мектеп құрылысы 2023 жылға жоспарланып отыр дейді сала жауаптылары. Сондай-ақ биыл біріңғай мектеп формасы қажет емес екендігін атап өткен облыс әкімінің орынбасары оқушының киімі классикалық үлгіде болуы шарт екенін ескертті.

«Балалар классикалық түрде мектепке баруы керек. Ол дегеніміз не? Шалбар, джинсы емес. Спорттық шалбарлар емес. Классикалық қара немесе көк шалбар және ақ көйлек. Үстіне костюм киюі міндетті емес. Бірақ қара немесе көк жейде немесе свитер сияқты киім киіп келуі керек. Қвздар белдемше немесе шалбар, ақ көйлек, кофта киеді. Ешқандай орамал, ешқандай хиджаб деген болмайды. Ол классикалық форма емес», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Айта кетейік, балалар қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыстағы 400 мектепке толығымен бейнебақылау орнатылыпты. Енді білім ұяларындағы қауіпсіздік тікелей тәртіп сақшыларының бақылауында болады.

 
Серіктес жаңалықтары