ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Токио олимпиадасының қола жүлдегері өзіне берілетін қаржыны мұқтаж жандарға сыйламақ

Спортшының айтуынша, ол мұқтаж жандарға көмектесуді де армандаған

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық балуан Нұрислам Санаев оған берілетін қаржыны мұқтаж жандарға сыйлауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Спортшының айтуынша, ол әрқашан Олимпиада чемпионы болуды ғана емес, мұқтаж жандарға көмектесуді де армандаған.

«Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі...

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандыққа қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», - деді спортшы.