05.08.2021, 16:37
Жаңалықтар
Олимпиададағы 6-шы қола жүлде: Нұрислам Санаев кіші финалда жеңіске жетті
Ол болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен жеңді
фото: olympic.kz
Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев басым түсті.
Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз.
Нұрислам Санаевтың жүлдесі - Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы 6-шы қола жүлдесі. Әзірге қазақстандық спортшылардың ешқайсы алтын, немесе күміс жүлде алған жоқ.
Қола жүлдегерлер:
- Елдос Сметов - дзюдо;
- Игорь Сон - ауыр атлетика;
- Зүлфия Чиншанло - ауыр атлетика;
- Қамшыбек Қоңқабаев - бокс;
- Сәкен Бибосынов - бокс;
- Нұрислам Санаев - еркін күрес.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды