ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Данияр Қайсанов жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионынан жеңілді

Енді ол Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады

фото: olympic.kz

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесуі аяқталды..

Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы - ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті.

Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. Данияр Қайсанов өз салмағындағы қола жүлдеге таласады.

Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастап, 1/8 финалда жапон балуаны Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды. Ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссенмен кездесіп, оны 8:5 есебімен жеңді.