Коронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды
Елімізде коронавируспен ауырған 402 пациенттің жағдайы өте ауыр

1 тамызда Қазақстанда коронавирус және КВИ пневмониясынан 102 адам көз жұмды: Нұр-Сұлтан қаласында - 22, Алматы - 8, Шымкент - 18, Ақмола облысы - 7, Ақтөбе облысы - 2, Алматы облысы - 6, Атырау облысы - 8, Жамбыл облысы - 3, БҚО - 5, Қарағанды облысы - 4, Қызылорда облысы - 1, Маңғыстау облысы - 9, Павлодар облысы - 7, Түркістан облысы - 2.
Ведомствоның 2 тамыздағы мәліметі бойынша, 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 676 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр. 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.