$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2021, 09:29
Жаңалықтар

Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты

Ольга Сафронова жартылай финалға шыға алмады

Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты
фото: olympic.kz

Токиода байдарка мен каноэ есуден сайыстар басталды. Әйелдер арасында 200 м қашықтықта байдаркада есу бойынша қазақстандық Наталья Сергеева қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ол тиісті қашықтықты 46, 657 уақытта бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады. Нәтижесінде, қазақстандық атлет ширек финалға шықты. Алайда, ширек финалда жетінші орыннан көрініп, жартылай финалға шыға алмады. Айта кетерлігі, Наталья Сергеева 4 тамыз күні 400 м қашықтық бойынша жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Демеу Жадыраев жапон балуаны Якибу Сохейден жеңілді. Белдесу 5:3 есебімен жапон балуанының еншісіне шешілді.

Айта кетейік, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуі үшін күресуге мүмкіндік алады.

Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика бойынша сайыстар басталды. Бүгін, 2 тамыз күні әйелдер арасында 200 м қашықтық бойзынша іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан сапынан аталған санат бойынша Ольга Сафронова қатысты. Тиісті қашықтықты 23,64 секундта бағындырған ол өз тобында алтыншы болды. Жартылай финалға 1-3 орын алған спортшылар жолдама алды.

Одан бөлек, бүгін әртістік жүзуден Александра Немич пен Екатерина Немич (сағ. 16:30), су добынан (ерлер) топтық кезеңде Қазақстан – Австралия кездесуі өтеді (сағ. 16:50).

Серіктес жаңалықтары