31.07.2021, 15:13
Жаңалықтар
Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмектесті
ТЖД құтқарушылары балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ескертті
фото ашық дереккөзден
Семей қаласында құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке барды деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Сорокин көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде кішкентай бала іштей қамалып қалған.
«Жедел құтқару жасағының қызметкерлері пәтерге баспалдақпен 2-ші қабаттың терезесі арқылы кіріп, есікті ішінен ашты. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұндай оқиғалардың жиілеуіне ата-аналардың бүлдіршіндерді қараусыз қалдыратындығы себеп болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды