ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Коронавирустың 200-ден аса симптомы бар – ДДСҰ маманы

Коронавирус белгілері 3-9 айға дейін созылуы мүмкін

фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың 200-ден аса белгісін анықтаған. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні – ентігу мен когнитивті дисфункция және шаршау. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Джанет Диас айтты деп хабарлайды РИА Новости.

«Қазір COVID-19 жұқтырып, ұзақ уақыт ауырған адамда ентігу, дисфункция, сондай-ақ шаршау байқалады. Бұл – ең көп таралған симптомдар. Алайда іс жүзінде пациенттерде 200-ден аса белгі анықталған. Сондықтан тізім өте үлкен», - дейді Диас.

Ол бұл белгілер 3-9 айға дейін созылуы мүмкін дейді. 

«Қазір вирустың нақты емі әлі жоқ. Себебі нақты зерттеу жоқ. Біз ауру дамуының нақты себебі немесе механизмі туралы көбірек біле отырып, арнайы ем тағайындауға қауқарлы боламыз деп үміттенеміз», - деп түсіндірді ДДСҰ өкілі.