$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2021, 17:06
Жаңалықтар

Қарағанды облысында сайлау учаскесіне халықтың 50%-дан астамы барған

Учаскелерде карантиндік шаралар қатаң сақталған

Қарағанды облысында сайлау учаскесіне халықтың 50%-дан астамы барған

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталуға бірнеше сағат қалды. Бүгін таңғы сағат 7:00-де басталған дауыс беру өңірлерде белсенді жүріп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысы Нұра ауданында 10 ауылдан жалпы саны 4100 сайлаушының 2220 сайлау учаскесіне келген.

«Әкімдерді бірінші тікелей сайлау болғандықтан халықтың белсенділігі жоғары деп айтуға болады. Бүгінгі сайлауға Нұра ауданына қарасты 10 ауылда 36 үміткер қатысуда. Қазіргі таңда комиссия жұмыс істеп жатыр, ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Ауданда жалпы саны 4100 сайлаушы бар, қазір сағат 16.00-дегі ақпарат бойынша 2220 дауыс беруші келген», - деді Нұра ауданындағы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Төлеутайұлы.

«Nur Otan» партиясы атынан №626 сайлау учаскесінде бақылаушы болып жатқан Юсуп Дайыровтың айтуынша, Шахтер ауылының тең жартысы дауыс беруге келген.

«Қазіргі таңда дауыс берушілердің жартысынан астамы сайлау учаскесіне келді. Жалпы саны 638 сайлаушының 350 келіп дауыс беріп кетті. Барлық жерде карантиндік режим қатаң сақталуда, маска, антисептик бар», - деді бақылаушы.

Серіктес жаңалықтары