$ 515.97  537.8  5.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2021, 17:24
Жаңалықтар

Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Көкшетау қаласы мен Егіндікөл ауданында сайлаушылардың 82%-ы сайлау учаскесіне келіп қайтты

Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Ақмола облысында тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59% дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Облыс бойынша сайлаушылар саны – 100 111, оның 58 971-ы өз бюллетеньдерін алып, дауы берді», - делінген Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 82%, Степногорск – 52%, Ақкөл ауданы бойынша – 78%, Аршалы – 47%, Астрахань – 57%, Атбасар - 67%, Біржан сал ауданы бойынша - 73%, Бұланды – 66%, Бурабай – 68%, Егіндікөл – 82%, Ерейментау – 45%, Есіл – 71%, Жарқайың – 59%, Зеренді - 60%, Қорғалжын – 58%, Сандықтау – 76%, Целиноград – 59%, Шортанды – 64%.

Ең көп дауыс берген – Көкшетау қаласы мен Егіндікөл ауданы, сайлаушылардың 82%-ы сайлау учаскесіне келген.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 218 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ауыл әкімдерін сайлауды 400-ден астам бақылаушы бақылап отыр. Сайлау штаттық режимде өтуде. Әзірге ҚР заңнамасының ескертулері немесе заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары