$ 515.97  537.8  5.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2021, 17:46
Жаңалықтар

БҚО-дағы сайлау учаскелерінің алдында жәрмеңке өтіп жатыр, халық белсенді – бақылаушы

Дауыс берушілердің жартысынан астамы өз таңдауын жасаған

БҚО-дағы сайлау учаскелерінің алдында жәрмеңке өтіп жатыр, халық белсенді – бақылаушы

Таңертеңнен бері республиканың түкпір-түкпірінде ауыл тұрғындары алғаш рет ауыл әкімдерін сайлап жатыр. Қазақстан ғана емес, Орта Азияда тұңғыш рет болып жатқан саяси науқанға атсалысып жатқан ауыл тұрғындарының белсенділігін бақылаушылар да жоғары деп бағалауда.

Бұған дейін праймеризде «Nur Otan» партиясы атынан бақылаушы болған Үміткер Жұмакелдіұлы БҚО-дағы сайлау учаскесіне келуші халықтың көңіл-күйі көтеріңкі дейді.

«Батыс Қазақстан облысы Подстепное ауылындағы №384 сайлау учаскесінде бақылаушымын. Қазіргі уақытта 60% жуық адам дауыс берді. Мен бақылаушы болып тұрған осы сайлау учаскесінде 2 197 сайлаушы тіркеліп тұр, қазіргі кезде 1000-нан аса адам келіп дауыс беріп кетті. Халықтың көңіл-күйі жақсы, ғимарат алдында жәрмеңке ұйымдастырылып жатыр. Карантин талаптары қатаң сақталуда. Халық әкімдерін өзі сайлап жатқанына қуанышын білдіріп, жылы лебіз айтып жатыр. Әлі сайлаудың аяқталуына бірнеше сағат бар, кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс берушілердің 95-98% келеді деп сенеміз», - деді Үміткер Жұмакелдіұлы.

Айта кететіні, батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі аудандық филиалында 4 ауылдық округ әкіміне сайлау өтіп жатыр. Ауданда жалпы саны 11 723 сайлаушы бар, қазіргі уақытқа дейін 5 647 адам дауыс берген. 

Еске салсақ, бүгін Қазақстанның барлық облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерін сайлау науқаны басталды. Ауыл әкімдерін сайлау еліміздің 14 облысында – 730 сайлау округіндегі 1 847 участкеде өтіп жатыр. Сайлауға қатысуға барлығы 2 297 кандидат тіркелген. Олардың 1 419-ы өзін өзі ұсынғандар болса, 878-і саяси партиялардың атынан қатысуда. Кандидаттардың 1 839-ы – ер адамдар, 458-і – әйелдер.

Серіктес жаңалықтары