Қытайда екі жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдай Алматы қаласында сезілген жоқ
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі соңғы екі сағатта 2 бірдей жер сілкінісін тіркеді.
Оның бірі Алматы уақытымен 23 шілде күні 23 сағат 44 минут 23 секундта болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5, тербелісі – 4.1.
Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ. Ал екінші дүмпу 24 шілде Алматы уақытымен 01 сағат 44 минут 9 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 561 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5, тербелісі – 4.3. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. Төтенше жағдай Алматы қаласында сезілген жоқ.