Шетелдік жанкүйерлер Ольга Рыпакованың киім үлгісін жоғары бағалады
Токио ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты

Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырып, Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакваның киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады, деп жазады Olympic.kz.
Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда Forbes шолушысы команданың формасын ең әдемі киім үлгілері қатарына жатқызған болатын.
Токио ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты. Олардың киім үлгілері Ұлттық олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай өнерінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.
Шетелдік жанкүйерлер Ольга Рыпакованың киім үлгісін жоғары бағалап, мақтау сөздерін жаудырып жатыр.