Еліміздің оңтүстігінде +40 градустық ыстық сақталады

Солтүстік өңірлерде күн салқын

Еліміздің оңтүстігінде +40 градустық ыстық сақталады

«Қазгидромет» синоптиктері 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде күн қатты ысып, дала өрті қаупі сақталады. Ал, солтүстікте күн жаңбырлы.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал.

Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа-айы күтіледі.

Ауа температурасының күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 жылыға дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 жылудан 20-30 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.