ШұғылӨткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Токио Олимпиадасының трансляциясы болады деп үміттенеміз - Серік Сәпиев

Бүгін Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты

көрнекі фото

Спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токиода басталған Олимпиада ойындарының тікелей трансляциясын отандық телеарналардан көрсету мәселесіне орай пікір білдіріп, келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады.

«Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін жақын арада нәтижесін хабарлаймыз. Мән-жайды анықтаймыз. Меніңше, түбінде көрсетілетін сияқты», - деді Серік Сәпиев «Студия 7» бағдарламасында.

Еске салайық, бүгін Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты. Академиялық есу жарысына Владислав Яковлев сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.