ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

25 шілдеден бастап Ресейге баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылады

Бұл Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы кіруге мүмкіндік береді

көрнекі сурет

Қазақстандықтар 25 шілдеден бастап Ресейге кірген кезде «Путешествую без COVID-19» қосымшасын пайдалануға тиіс. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Осы платформаның көмегімен коронавирусқа талдау жасау үшін ең жақын зертханаларды табуға болады. Тест елге кіргенге дейін кемінде 72 сағат бұрын тапсырылуға тиіс. Нәтижесі QR код түрінде жіберіліп, оны шекарада көрсетуі керек.

Сондай-ақ, нәтижелер өзара ықпалдастырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл Қазақстан азаматтарына Ресей аумағына Армения, Беларусь және Қырғызстанның әуе өткізу тіректері арқылы (транзитпен) кіруге мүмкіндік береді.

«Путешествую без Covid-19» қосымшасын пайдаланудың тәртібі мынандай:

  • Қосымшаны жүктейсіз.
  • Бағдарлама ұсынған тізімнен ең жақын зертхананы таңдайсыз.
  • ПТР-тест тапсырғаннан кейін нәтижені QR-кодты (оны зертхана береді) сканерлеу арқылы «Тесттер» бөліміне жүктейсіз.