Алматыда есірткіні насихаттайтын 150-ге жуық граффити боялды

Наурызбай ауданының аумағында 20 граффити-жарнама анықталған

Алматыда есірткіні насихаттайтын 150-ге жуық граффити боялды
фото ашық дереккөзден

Алматыда есірткіні насихаттау бойынша 150-ге жуық граффити сырланды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 шілде күні Алатау және Наурызбай аудандарында «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының еріктілерімен бірлесіп өткізілген республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды анықтауға және жоюға бағытталған акция өткізілді.

«Акция аясында тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттар жарнамасы бар трафареттер мен граффити боялды. Акцияны қалалық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Алатау ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ 20 ерікті жүргізді. Алатау ауданының аумағында 123 граффити-жарнама боялды», - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ Наурызбай ауданының аумағында 20 граффити-жарнама анықталып, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының жеке құрамы, Наурызбай ауданының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары 10 қызметкері және мемлекеттік қордың 20 еріктісі жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.