ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Байқоңырда карантин уақыты ұзартылды

Байқоңырда биылғы жылдың 20 шілдесінде 33 КВИ жағдайы тіркеліп, антирекорд орнады

фото ашық дереккөзден

Байқоңыр қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша шектеу шараларының режимі 2021 жылғы 16 тамызда 00.00 сағатқа дейін ұзартылды. Бұл туралы Ресейдің «Байқоңыр» федералды биомедициналық агенттігі кешенінің аймақтық басқармасының күнделікті ақпаратында айтылды.

Соңғы уақытта вирус айтарлықтай тез тарала бастаған. 2021 жылдың шілдесінің басында коронавирус жағдайларының жалпы саны (пандемия басталғаннан бері) 1465 болса, 21 шілдеде бұл көрсеткіш 1633-ке жетті. Өткен үш аптада Байқоңырда 165 адам коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 38 адам емделіп жатыр. Соңғы 20 күн ішінде 4 адам қайтыс болды: Covid-19 диагнозынан 87 байқоңырлық көз жұмды.