$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2021, 03:31
Жаңалықтар

СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан азамат ұсталды

Ол синтетикалық есірткіні жасырып арқылы таратты деген күдікке ілінген

СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан азамат ұсталды
фото ашық дереккөзден

Петропавлда жалдамалы пәтерде синтетикалық есірткі жасап сатқан ақтөбелік жігіт ұсталды.  Іздестіру шаралары кезінде 50 граммға жуық «мефедрон» табылған. 800 доза – бұл аса ірі көлемге жатады, деп хабарлайды деп Azattyq Rýhy тілшісі.

Күдікті синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде одан ұнтақ тәріздес ақ түсті затпен 9 түйіншек алынды.  Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден табылған. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары да анықталды. Атап айтқанда, грамдық таразы, өлшеуіш қасық, буып түйетін материал - зиполктар, оқшаулау таспасы алынды.  
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта аталған бапты есірткі сатылымын көздейтін ҚР ҚК 297-бабына қайта саралау жоспарланып отыр.  

«Мақсатты жедел іс-шаралар нәтижесінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап ұстады. Келіп түскен сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі қазіргі таңда аса қауіпті есірткі болып табылады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы  — 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Алынған заттың саны қарапайым есеп бойынша  бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны құрайды. Синтетикалық есірткіні таратумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бұл осымен синтетикалық есірткіні «жасыруды» ұйымдастыруда күдікті басқа қалалардың тұрғынын ұстаудың төртінші жағдайы тіркеліп отыр», –  дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары