$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2021, 00:25
Жаңалықтар

Алматыда карантин талаптары күшейтіледі

Қоғамдық орындарға «қызыл» статуспен жүргендер қатаң жазаланады

Алматыда карантин талаптары күшейтіледі
фото ашық дереккөзден

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас санының күрт көбеюіне байланысты карантин талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен қалалық штаб отырысында айтылды деп хабарлайды Azattyq-Ruhy Sputnik порталына сілтеме жасап.

Жиында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шілденің 3 аптасында 12 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғанын айтты. Бұл маусыммен салыстырғанда 4 есе көп. Эпидемиологтардың айтуынша, базарларда дерт жұқтыру 10%-тен 15,9%-ке дейін, сауда нысандарында 31%-тен 39,7%-ке дейін, демалыс саябақтарында және жаяу жүргіншілер көшелерінде 1,2%-тен 5%-ке дейін өскен.

«Сондықтан ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін шектеу шараларын күшейту жоспарлануда. Атап айтқанда, нысан жұмыстарына барынша қатаң шектеулер қою жоспарланып отыр. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына жақын арада тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі», - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Жиын кезінде карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмысы туралы мәселе қаралды. Қазір Алматыда 40 мониторинг тобы жұмыс істейді. Ержан Бабақұмаров Ashyq-та жұмыс істейтін нысандар арасында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстарын күшейтуді және қоғамдық орындарға «қызыл» статуспен барғандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары