Ақтауда түзету мекемесінің ғимараты құлап, 2 адам мерт болды
Қазір оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды

Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлады, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 16.00-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша) Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінlt екі қабатты ғимарат құлаған.
Қазір оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болғаны анықталды, олардың 9-ы қауіпсіз жерге шығарылды.
2 адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, полиция департаментінің, прокуратураның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Арнайы техника іске қосылды.