ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда әр 4-азамат вакцина салдырған – Алексей Цой

Министр вакцинация коронавируспен күрестегі жалғыз тәсіл екенін айтты

фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жолдады. Ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға белсенді қатысуға шақырды.

Министр қазақстандықтардың тегін екпе салдыру мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдағым келеді. Вакцинация – коронавируспен күрестегі жалғыз тәсіл . Үрейге бой алдырмай, қандай да бір ПТР-сынамаларын немесе вакцинациялаудың жалған құжаттарын сатып алуға шақырғандардың сөзіне ермегендеріңіз жөн», - деді өз сөзінде министр.

Министр жағдайға саналы түрде қарауға шақырды.

«Көптеген мемлекет вакцинаны ұзақ күтуде, себебі оларда тегін вакцина жоқ. Бізде вакцинациялау пункттерінің есіктері айқара ашық, озық үлгідегі екпелер де бар. Біз вакцина алдық, жақындарымызға да салдырттық. Вакцина қауіпті емес», - деді Цой.