ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Қостанайда бірыңғай коммуникация орталығын құру қажет – министр

Сапар барысында министр «Қостанай-Су» МКК өндірісін автоматтандырумен танысты

фото ашық дереккөзден

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Онда «Нәтиже» орталығы арқылы өтініштерді қабылдау процесі қаралды.

Сондай-ақ, министр Смарт Сити саласындағы цифрландыру жобаларымен танысты.

Бағдат Мусиннің ойынша, тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін Қостанайда бірыңғай коммуникация орталығын құру қажет.

Сапар барысында министр «Қостанай-Су» МКК өндірісін автоматтандырумен танысты. Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр өңірді одан әрі цифрландыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.