18.07.2021, 15:29
Жаңалықтар
Риддерде жоғалып кеткен зейнеткер табылды
Жоғалып кеткен ер адамның жасы 76-да
фото ашық дереккөзден
16 шілде күні Риддер қаласының құтқарушыларына Коноваловка ауылы маңында 76 жастағы зейнеткер жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлады Алтайньюс.
17 шілде күні таңертең мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері полицейлермен бірге іздеу жұмыстарына кірісті.
«Іздеуге жоғалған адамның ұлы да бірге шықты. Омарталар, қараусыз қалған үйлердің барлығы тексеріліп, жақын маңдағы адамдардан сұрадық. Оқиға орнынан 2 шақырым жердегі су жағасынан зейнеткер табылды. Ол өзін іздеп табатынына сенімді болып, сол жерде күтіп отырған болып шықты. Осылайша 12-де іздеу операциясы аяқталды», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Зейнеткерді дәрігерлер тексеріп, оның денсаулығы жақсы екенін айтты.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты