Шымкентте 60 адам жиналған той тоқтатылды
Мейрамхана карантин талаптарын сақтамаған
Шымкенттік полицейлер 60 адамдық тойды тоқтатты, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Еңбекші ауданының полицейлері Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан мейрамхананың карантин талабын сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтаған.
Сонымен қатар, мекеме жұмысшылары қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп және оларға медициналық маскасыз қызмет көрсеткен.
Бұл жайт бойынша, мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.