«Спутник Лайт» вакцинасының ерекшелігі қандай – сарапшы пікірі
«Спутник Лайт» Қазақстанда уақытша тіркелді
«Қазақстанда «Спутник Лайт» уақытша тіркелді. «Спутник Лайт» – бұл «Спутник V» сияқты вакцина, тек бір доза. Ол 80% тиімділігімен, иммунитеттің ұзақтығы 6 айға дейін сақталатынымен сипатталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
«Спутник Лайт» вакцинасы халықтың таңдауына байланысты қолдану жоспарлануда. Егер кімде-кім екі вакцина алып, қысқа уақытқа иммунитет қалыптастыруға келіссе, онда осы азаматтарға беріледі. Вакцинаның екі компонентін алғысы келмейтін азаматтарға бұл вакцина жарамды», - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, аталған вакцина қажеттілік туындаған жағдайда қайта вакцинациялау үшін де пайдаланылуы мүмкін.
«Бүгінде ревакцинация туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ревакцинацияның қажеттілігі туралы айтқан жоқ. Егер жаңа зерттеу нәтижелері пайда болып, ревакцинация қажет болса, онда «Спутник лайтты» ревакцинация үшін қолдануға болады», - деді сарапшы.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелгенін мәлімдеген болатын.