Құрбан айт қарсаңында Алматыға кіреберісте арнайы бекеттер орнатылады
19-22 шілде аралығында мал сою орындары мен базарлардың жұмысына тыйым салынады
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 15 шілдедегі «Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияны таратуға ықпал ететін бұқаралық іс-шаралар шектеу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжатқа сәйкес, аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекеме басшыларына, Алматы қаласы дін басқармасына ,ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамына Құрбан айт мерекесі кезінде 20 шілдеден 23 шілдеге дейін:
Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге ( оның ішінде айт намазына) тыйым салынады.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері сондай-ақ, Алматы қаласының аумағында 19-22 шілде аралығында мал сою орындары мен базарлардың жұмысына ( соның ішінде тірі күйінде), сондай-ақ союға тыйым салынатынын ескертті.
Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалындады.
Сонымен қатар, мұқтаж адамдарға тарату кезінде қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген адамдарды тарта отырып тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасмалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
Халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;
Жауапты мекемелер мен мобильді топтардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылау жргізіледі.
Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.