ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Әділет министрлігі: Міндетті вакциналауды енгізу заңға қайшы емес

Елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек.

фото ашық дереккөзден

Әділет министрлігі халықты коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауға қатысты түсініктеме берді. Олар міндетті вакциналауды енгізу заңға қайшы емес дейді. Оған Конституция кепілдік береді. Өйткені қоғам денсаулығын сақтау үшін заң бойынша мемлекетке осындай мүмкіндік бар.

«Ата заң бойынша мемлекет шектеу немесе міндеттеу шараларын орындата алады. Бұл конституциялық құрылыс, ұлттық қауіпсіздік және қоғам денсаулығына да қауіп төнгенде болатын жағдай. Қазір дәл сондай жағдай туып тұр. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексі ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін алдын алу екпе жүргізеді. Сондықтан қазіргі пандемияға қарсы шара талаптарына сай деп саналады.  Яғни алдын алу шарасы ретінде міндетті вакциналау қарастырылып отыр. Үкіметке елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру тапсырмасын орындауы керек», - дейді ҚР Әділет министрінің орынбасары Наталья Пан. 

Еске сала кетейік, 2-шілдеден бастап елімізде бірқатар қызмет көрсету нысандарының қызметкерлері вакцина алуға міндеттелді. Оған қарсы болса, апта сайын ПТР-тестін тапсырып отыруы қажет.