ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Оливер Стоун әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы деректі фильмінің трейлерін бөлісті

Деректі фильмнің хронометражы 8 сағат

Америкалық режиссер Оливер Стоун әлеуметтік желіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы «QAZAQ History Of The Golden Man» деп аталатын деректі фильмінің премьерасы туралы жазды.

Фильм трейлерінде О. Стоунның Н. Назарбаевпен сұхбатынан үзінді бар. Мұнда Н.Назарбаев президенттікке келу жолы мен Кеңес Одағының ыдырау тарихы туралы баяндайды.

Оливер Стоун – Голливуд кинорежиссері, сценарист және продюсер, үш Оскар, бес «Алтын глобус» иегері. Фильмді Игорь Лопатенко түсірген, ұзақтығы 8 сағат.

«Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы айтқан қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді» деп жазды Оливер Стоун өз парақшасында.