05.07.2021, 13:10
Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: коронавирустың "дельта" штамының салдары ауыр болуы мүмкін
АҚШ мамандары коронавирустың "дельта" штамын "өлім тудыратын вирус" деп атады.
фото ашық дереккөзден
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "дельта" штамының салдары басқа түрлерімен салыстырғанда ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
КВИ-дің үнді штаммына қатысты пікірін АҚШ Аллергиялық және инфекциялық аурулар Ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи мәлім етті. Оның айтуынша, вирустың бұл түрі өте жылдам таралады әрі тез жұғады.
Энтони Фаучи КВИ-дің бұл түрін жұқтырған адамдардың жағдайының ауыр болатынын айта келе, оған "өлім тудыратын вирус" деген сипаттама берді.
Еске салсақ, "дельта" штамы әлемнің 100-ге жуық елінде таралды, еліміздегі барлық өңірде тіркелді.
Көп оқылған
09.04.2026, 12:09
20 рет пышақ сұққан: Ұлытау облысында ер адам төрт баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті
09.04.2026, 10:50
«Головкин аян берген»: Михаил Шайдоров Олимпиада алдында түс көріп, алтынға жеткенін айтты (ВИДЕО)
09.04.2026, 11:50
Алматыда курьер подъезде тұрған балалар арбасына дәрет сындырған (ВИДЕО)