ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова өмірден өтті

Әселхан Әлішерқызы Қалыбекова қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, бірнеше кітаптың авторы.

фото ашық дереккөзден

Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова өмірден өтті.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында бастаған. 1981-1982 жылдары суырып-салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. 1981-1984 жылдары аралығында аудандық, облыстық және облысаралық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.

Жазушылар одағы Жамбыл атындағы сыйлығының тұңғыш иегері. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Қазақ КСР-ның Халық ақыны құрметті атағы берілді. Отырар аудандық мәдениет бөлімі жанынан ашылған ақындар мектебіне жетекшілік еттіОтырар ауданының "Құрметті азаматы". "Парасат” орденімен марапатталған.

Әселхан Әлішерқызы Қалыбекова "Отырар аспаны", "Басыңды тікпей бақ қайда?!", "Алладан пәрмен сұраған", "Сырттан кеткен тамырлар", "Жыр-Шапағат", "Әселхан Әлемі" атты кітаптардың авторы.