ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Теңіз кен орнында вакцина салдырған әйел есінен танып қалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды.

Теңіздегі вахта кенттерінің бірінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін әйел адам есінен танып қалды деп хабарлайды Ақжайық.

Видеоға қатысты "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

«Қазір есінен танып қалған әйелдің жағдайы бірқалыпты, ол толық медициналық тексеруден өтеді. Ал денсаулық жағдайы жақсарған соң емханадан шығарылады» деді баспасөз қызметінің өкілі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, есінен танып қалған әйелде бұған дейін эпилепсия ауруы тіркелген. Ал ұстамасы ол Спутник V вакцинасының екінші компонентін салдырғаннан кейін басталған.

"Ол бірінші компонентті 2021 жылдың 5 маусымында алған. Вакцина алуға өз еркімен келісім берген. Денсаулығына шағым болмады. Алайда ол тұрғылықты жері бойынша невропатолог тіркеуінде тұрғанын жасырып қалған. Қазір оның 2010 жылдан бері эпилепсиямен ауыратыны анықталды» делінген хабарламада.

Әйел 4 шілдеге дейін дәрігерлер қадағалауында болды. Оған бастапқыда пункт медицина қызметкерлері шұғыл көмек көрсетіп, кейін емханаға жеткізілген.