Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Бақытжан Сағынтаев «Абай, 130» тұрғын кешенінде үй салуды тоқтатуды тапсырды

Жоба серуендеу аймағын ұйымдастыру бойынша қайта қаралады

фото ашық дереккөзден

Nur Otan АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев партияның Қоғамдық қабылдауына жүгінген қала тұрғындарын қабылдады.

Алатау ауданы Шаңырақ-2 шағын ауданының тұрғыны А.Жұмықаевтың өтініші бойынша Алматы қаласының әкімі бұған дейін тартылған судан бөлу желілерін қосу үшін ағынды-сорғы станциясының құрылысын жұмысын бақылауға алуды тапсырды. Цифрландыру басқармасына шеткі аймақ тұрғындары Интернет желісіне арналған талшықты-оптикалық байланыс желісін құру жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Аудан әкіміне «Сергек» АБК-нің бақылау камераларын орнатуға ұсыныс енгізуді тапсырды.

Медеу ауданындағы Көктем көшесі тұрғындарының өтінішіне жауап бере отырып, Б. Сағынтаев иесіз электр желілерін АЭС-5 балансына беру процесін жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар, «Абай, 130» ТК тұрғындары Алматы әкімінен аулаларындағы 12 қабатты үйдің құрылысын тоқтатуды сұрады. Б. Сағынтаев бұған дейінгі жұмыс сапары кезінде осы жағдаймен танысқанын, қала тұрғындарын қолдайтынын айтты. Алматы әкімі тұрғын үй салуға тыйым салуды тапсырды. Жоба серуендеу аймағын ұйымдастыру бойынша қайта қаралады.

«Нұр-Алатау» шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қалалық Мобильділік басқармасына қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, жол қозғалысын қайта құру мәселесін зерделеу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Барлық мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді және қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.