$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 17:48
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 210 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды

Ал 145 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті

Нұр-Сұлтанда 210 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды
Фото: ашық дереккөзден

Елордада 145 мыңнан астам азамат коронавирусқа қарсы иммундаудан толық өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы 28 маусымдағы жағдай бойынша қалада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 210 мыңнан астам азамат алғанын, ал 145 мыңнан астам адам толық иммундаудан өткенін мәлім етті.

«Халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын үш есеге арттырдық. Олардың жұмыс уақыты – 08:00-22:00 аралығында. Сол сияқты жексенбі және мереке күндері де жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Қазір вакцинаның үш түрі бар: ресейлік Спутник-V, отандық QazVac және қытайлық – CoronaVac. Сондай-ақ, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 8 сауда ойын-сауық орталығында («Хан Шатыр», «Mega Silk Way», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия парк», «Сары Арқа», «Еуразия», «Мечта» орталықтары) егу пункттері ашылды. Бүгінге дейін СОО-ларда 40 мыңға жуық адам вакцинацияланды», - деп хабарлады Тимур Мұратов.

Қазіргі уақытта қала тұрғындары арасында вакцина алу белсенділігі байқалады. Өткен апталарда күніне 1400-2000 адам вакцинацияланса, соңғы күндері бес еседен аса өсті.

«Жұрт өзінің, өзгелердің денсаулығына алаңдай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штаммы – «Дельта» салдарынан тіптен арта түсті. Соңғы тәулікте вакцина алғысы келетіндер саны 4-5 есе артты», - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары