$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 17:29
Жаңалықтар

Елордада LRT құрылысы қайта жанданды

CTS компаниясындағылар құрылыс жұмыстарының неге кешіккенін түсіндірді

Елордада LRT құрылысы қайта жанданды

Елордадағы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды, деп хабарланды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметінен.

«Мердігер CRAEG (қытайлық) консорциумы қазір келісім-шарт міндеттемелері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Пандемияға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі түзетілді. Өйткені оған дейін қытай мамандары елімізге кіре алмаған еді», - деп жазылған компанияның мәліметінде.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша Астана қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

Айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Қалалық мәслихаттың экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы болған Талғат Әшім жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖШС өкілі Ұлықбек Ачилов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Мердігердің өкілі Дәурен Әбдіхамитов заңсыз жолмен алынған басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлікті тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігер өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігердің өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол кездегі қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

Серіктес жаңалықтары