28.06.2021, 17:13
Жаңалықтар
Мәскеуде бір тәулікте коронавирустан 124 науқас көз жұмды
Коронавирус пандемиясы басталғалы Мәскеуде КВИ жұқтырған 1 млн 346 мың жағдай тіркелді.
фото: lenta.ru
Ресей астанасында соңғы тәуліктің ішінде коронавируспен ауырған 124 науқас қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы шаһарда бір тәулік ішінде тіркелген ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші, деп хабарлайды Interfax.
Оперативті штабтың айтуынша, Мәскеуде бір тәуліктің ішінде 7 мыңнан аса азамат коронавирус жұқтырса, 4 жарым мыңға жуық науқас емделіп шығуда. Жалпы алғанда, Ресей астанасында коронавирустан сауығып шыққан адамдардың саны 1 млн 148 мың адамды құрайды.
Осылайша, Мәскеуде COVID-19 ауруының таралу көрсеткіші 523 жағдайға (яғни 8%-ға) өскен.
Жалпы, пандемия басталғалы Мәскеуде 22 086 адам көз жұмды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 09:44
«Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады