ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Біз бейбіт жиынға қатысушыларды қолдаймыз – АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі

Уильям Мозер Қытайдағы туыстарын түрмеден босатуды талап етіп наразылыққа шыққан азаматтар туралы пікірін айтты

Америка ҚХР Шыңжан аймағында қамалған туыстарын түрмеден босатуды талап еткен азаматтарды қолдайды. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозердің айтуынша, бейбіт түрде наразылық акциясын білдірген азаматтарды қолдап қана қоймай, қорғайды. Елшілік наразылық акциясын өткізушілерге қатысты хатты Қазақстан үкіметіне де жіберген. 

«Біз бейбіт жиналу құқығын қолдаймыз және қорғаймыз, бұл даусыз. Ол азаматтар бар болғаны бейбіт жиынға қатысып жатыр. Біз әрине, Қазақстанның үкіметіне көзқарасымызды жеткіздік. Қазақстанға санкция салынады деп айта алмаймын», - деді бүгін онлайн брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген Уильям Мозер.

Еске сала кетейік, Алматыда бір топ адам Қытай консулдығы алдында төрт айдан бері Шыңжан түрмелеріне қамалған туыстарын босатуды талап етіп, қарсылық акциясын өткізіп келеді. Оларды полиция қамап, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке де тартты.