$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 16:28
Жаңалықтар

Алматыда букмекерлік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Қапшағай мен Бурабай аумағында ойын қызметін бастау туралы мәселелер қозғалды

Алматыда букмекерлік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті
көрнекі фото

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР-ның аумағында ойын бизнесі саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері және кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңына енгізілген жаңа түзетулерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, енгізілген өзгерістерге сәйкес букмекерлік ұйымдарға төлемдерді қабылдау және ұтыстарды төлеу енді Мөлшерлемелерді есепке алудың бірыңғай орталығы арқылы жүзеге асырылады. Осы шараның арқасында букмекерлік бизнестің ашықтығы қамтамасыз етіліп, ойын саласының жосықсыз қатысушылары анықталатын болады.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласы мен Бурабай ауданының аумағында ойын қызметін бастау туралы мәселелер қозғалды.

Ойын бизнесі субъектілеріне «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы ақпарат жеткізілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік органдардың букмекерлік кеңселер өкілдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Серіктес жаңалықтары