$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2021, 00:26
Жаңалықтар

Гендерлік теңдік: Орталық Азиядағы әйелдер мен қыздар жағдайы талқыланды

Келесі аптада Парижде «Теңдік ұрпағы» жаһандық форумы өтеді

Гендерлік теңдік: Орталық Азиядағы әйелдер мен қыздар жағдайы талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы «Бейжіңнен Парижге дейін: Орталық Азияда міндеттемелерді іс-қимылдарға айналдыру» атты Бейжің декларациясы қабылданғалы бері 25 жыл өткеннен кейінгі әйелдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін өңірдегі елдердің азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі отандық дипломат Мәдина Жарбосынованың төрағалығымен өткен кездесуге 1995 жылы Әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші дүниежүзілік конференцияға қатысқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ әр түрлі  ұрпақтың азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар Бейжіңдегі  сол кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әйелдердің жағдайын жақсы жаққа қалай өзгерткені, сондай-ақ гендерлік тепе-теңдікті шын-мәнінде қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін үкіметтер мен азаматтық қоғамға тағы не істеу қажеттігі, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай салаларда өзгерістер енгізу керектігі жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шарада Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Өңірлік директоры Әлия әл-Ясир құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, «Гендерлік теңдік саласындағы прогресті жеделдету қажет және өкілеттіктің тең берілуін қамтамасыз ету, әйелдердің белсенділігіне кепілдік беру және өмірдің барлық саласында әйелдерді шектейтін құрылымдық кедергілер мен кемсітушілік нормалардан арылу маңызды».

Келесі аптада Парижде «Теңдік ұрпағы» жаһандық форумы өтеді. Онда үкіметтер мен азаматтық қоғамдар өздерінің бастамалары мен басымдықтарын жаһандық деңгейде ұсына алатын болады.

«Біз Қазақстан үкіметінің, атап айтқанда Сыртқы істер министрлігінің Гендерлік теңдік мәселелері бойынша білім мен тәжірибедегі олқылықтардың орнын толтырудың неғұрлым қолайлы және тиімді жолын іздестіру жөніндегі бірлескен күш – жігердегі қолдауын жоғары бағалаймыз», – деп атап өтті Әлия әл-Ясир.

30 маусым мен 2 шілде аралығында «БҰҰ-әйелдер» құрылымының және Франция үкіметінің қамқорлығымен алдағы бес жылда гендерлік теңдік жолында прогреске қол жеткізу үшін бірқатар нақты міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған гендерлік теңдік мәселелеріне арналған жаһандық іс-шара болып табылатын «Теңдік ұрпағы» форумы өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары