ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарында вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар үлестіріліп жатыр

Елордада вакциналардың бірінші компонентін 185 мыңнан астам адам алды

Қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін сауда-ойын-сауық орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар мен жеңілдік купондарын таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, "Азия Парк" СОО-да аптасына үш рет тұрмыстық техника, яғни шаңсорғыштар, жылдам қыздыратын пештер, миксерлер, тостерлер, кофеқайнатқыштар секілді түрлі бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі.

Бұдан басқа компьютерлік техника — принтерлер, USB флэшкілері мен компьютерлік тінтуірлер, сондай-ақ киім мен аяқ киімге арналған жеңілдік сыйлық сертификаттары ойнатылады.

"Mega Silk Way" СОО-да вакцинаны алғаннан кейін әкімшілік мұз айдынына баруға сертификаттар береді, ол бір жыл бойы жарамды. Ал Actual Optic бренд өнімдерін сатып алуға 10% жеңілдік ұсынады.

Marrone Rosso мекемесі және SADU мейрамханасы вакцинацияланғандарға кофе мен круасандар береді.

"Сарыарқа" СОО-да вакцина алған азаматтарға "Костюм" дүкенінен киім және Actual Optic дүкенінің өнімін сатып алуға 5-тен 10% - ға дейін қосымша жеңілдік беріледі, сондай-ақ СОО әкімшілігі 5 мың теңгенің купонын сыйлайды.

Kinopark кинотеатрлар желісі билет сатып алуға жеңілдік береді.

"Абу-Даби Плаза" СОО-да косметика сатып алуға 5-тен 30%-ға дейін және фуд-корт өніміне 10%-ға дейін қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

"Керуен" СОО вакцина алған кезде фуд-корттарда тегін тамақ береді.

"Еуразия" СОО-да халықты вакцинациялау науқанын қолдау үшін кәсіпкерлер Glasman маркалы костюмдері мен CORNER19 брендтік өнімдеріне 5%-ға дейін қосымша жеңілдік ұсынады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакциналардың бірінші компонентін 185 мыңнан астам адам алды, екіншісі — 134 мыңнан астам адам.

Коронавирустық пандемия жүріп жатқанын ұмытпаңыз, қалада күн сайын 250-300 жаңа науқас тіркеледі.

Қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі — халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен санитарлық дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң сақтауы керек.