$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2021, 13:40
Жаңалықтар

Тоқаев «тарихтағы ең қанды соғыс» жайлы жазба қалдырды

1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО-ға басып кірді

Тоқаев «тарихтағы ең қанды соғыс» жайлы жазба қалдырды
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында осыдан тура 80 жыл бұрын басталған Ұлы Отан соғысы туралы жазды.

«Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу–барша адамзаттың міндеті», - деп жазды Президент.

1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО-ға басып кірді. Ең алғаш Брест қамалы құлады. Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы күштерінің 77%-ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Осы уақыттта неміс авиациясы (люфтваффе) Мәскеуді бомбалауды бастады. Оған жауап ретінде 1941 жылдың жазында Балтық жағалауында орналасқан Кеңес авиациясы Берлинді бомбалады. Мәскеу шайқасында (1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды.

Серіктес жаңалықтары