$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2021, 13:09
Жаңалықтар

Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды

272 ата-ана кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды

Алматыда 12 қаңғыбас бала арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыда тәртіп сақшылары "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасын өткізуде. 

"Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын-алу және болдырмау, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын ересектер, балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар, сонымен қатар балалар еңбегін пайдалану фактілері, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова. 

Іс-шараның төрт күнінде 295 жасөспірім ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар үшін жеткізілді. Соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – 281, қараусыз қалғаны және панасыздығы үшін – 14, оның ішінде қараусыз қалған 12 бала қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Жеті жасөспірім және тоғыз қолайсыз отбасы анықталды және есепке алынды.  

"Сонымен қатар 272 ата-ана кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін ойын-сауық мекемелерінің үш лауазымды адамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатудың сегіз фактісі, үш темекі өнімдері және кәмелетке толмағандар түнде даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық мекемесі анықталды. Ата-аналар үшін бақылаудың жеткіліксіздігі жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа баруына немесе оларға қарсы заңсыз іс-әрекеттер жасауына әкелуі мүмкін екенін білуі және түсінуі маңызды, сондай-ақ олардың тәрбиесі үшін жауапты екенін ұмытпау керек", – деді Жанна Шонжанова.

Серіктес жаңалықтары