Сотқа бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті
Бұған дейін қылмыстық іс бұзушылықтарды жою үшін прокурорға жіберілген болатын
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының № 2 сотына Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 млрд 680,7 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша Энергетика экс-вице-министрлері Жақсалиев пен Сәдібековке және басқаларға қатысты қылмыстық іс келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қылмыстық іс бұзушылықтарды жою үшін прокурорға жіберілген болатын.
Сотқа дейінгі тергеу органдары бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізді, содан кейін ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі сотталушыларды қайта алынған сараптама нәтижелерін ескере отырып, сол айыптау бойынша сотқа берді, онда ұрланған ақша сомасы 778 млн теңгеге төмендетілді.
2021 жылғы 21 маусымда соттың бұрын көрсеткен бұзушылықтарды жоймағандықтан, қорғаушы тараптың істі прокурорға қайтару туралы өтінішхаты бойынша сот алдын ала тыңдау өткізді. Сондай-ақ, адвокаттар қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмағанына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Сот өтінішхаттың дәлелдерін тексеріп, істі прокурорға қайта кері қайтару үшін негіз таппады.
ҚПК-нің 323-бабының ережелеріне сәйкес басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталған кезде ғана бұзушылықтарды жою мақсатында істі прокурорға қайтару үшін негіз болып табылады.
«Алдын ала тыңдау кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату үшін негіздер жоқ, өйткені бұл үшін дәлелдемелерге баға беру қажет.
Жаңа дәлелдемелерді жинауға, оларды дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деп тануға қатысты дәлелдер істі мәні бойынша қарау кезінде тексеруге және бағалауға жатады.
2021 жылғы 22 маусымда сот істі қайтару туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартты және 2021 жылғы 28 маусымда сағат 10:00-ге ашық сот отырысында басты сот талқылауын тағайындады», - делінген хабарламада.