Коронавирус матрицасы: Шымкент қаласы «сары» аймаққа енді
«Қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
21 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
21 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 504 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 497 пациент стационарда, 15 007 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 442 адамның жағдайы ауыр,
- 86 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.